Экономика
2 мин оқу 362

Аграрлық саланың жаңа серпіні

<p style="text-align: justify;">Экологиялық таза өнім өндіруде Орталық Азияда көшбасшы мемлекетке айналуға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы өткен жұмада &laquo;Аграрлық ғылым. Болашақ бүгіннен басталады&raquo; атты пікірталас барысында кеңінен сөз болды.</p>

Аграрлық саланың жаңа серпіні

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылы­ми-зерттеу институты директорының орын­басары Біржан Рахымжановтың айтуын­ша, бүгінде артық қоспасыз азық-түлік шы­ғару ісі аса өзекті. Осы ретте минералды тыңайт­қыштарға мемлекет тарапынан субсидия беріл­генімен, органикалық тыңайтқыштар қол­данысын кеңейтуге ешқандай қолдау жоқ.

Еліміздегі аграрлық саладағы тың жаңа­лық­тар тұрмысымызға етене еніп, адам ағза­сы­на зиянды қоспаларсыз таза өнім ұсыны­­лып келеді. Мұндай өнімдер әдеттегі жеміс-жи­дек, көкөніс­тердің бағасымен салыстыр­ған­да қым­батқа түсері де белгілі. Бүгін­ге дейін елімізде соя мен жүгері, картоп пен қы­занақтың жаңа түрлері өсірілген. Бұлар құр­ғақшылыққа төзімді, жылдың əр мезгілінде жылыжайда да өсе береді. Сондай-ақ 2020 жылы картоп егістігінің көлемі 2 пайызға ұл­ғайтылмақ. Республикадағы жердің  70 па­йызы шөлейт болғандықтан соған бейім тыңайт­қыштар қолданылады. Тиісінше жоға­ры­да атал­ған азық-түліктің жалпы көлемі кем дегенде 5 пайызға артпақ. 

Аграрлық салада бәсекеге қабілетті болу үшін отандық ғалымдарымыздың ашқан тың жаңалықтарына арқау болатын ілкімді жобалар іске асуы тиіс. Осы мақ­сат­та аграрлық саладағы 300-ге жуық ғалымды шетелде оқыту жос­пар­ланып отыр. Ұлттық аграрлық ғылы­ми-білім беру орталығының басқар­ма төрағасы Ұлан Тәжібаевтың айтуынша, «RisingStar» бағдарламасы аясында келер жылдан бастап әлем­дік жетекші халықара­лық зерт­теу орталықтары мен жоғары оқу орын­дарына мамандар жібері­леді. 2019 жылға дейін аталған бағ­дар­лама аясында шетелге оқуға жі­берілетін мамандар санын 300-ге жеткізу көзделіп отыр. 

Жас ғалымдарға арналған жиын­ға аграр­лық жоғары оқу ор­ны­ның түлектері мен 15 ғылы­ми-зерттеу институтының және 18 тәжірибелік шаруашы­лықты біріктіретін «Ұлт­тық аграрлық ғылыми-білім беру орта­лығы» мекемесінің мамандары қатысты.

AgroLab алаңында геномдық сұрыптау, «жасыл» технологиялар, молекуларлық биология және «ақылды» егіншілік сияқ­ты тақырыптар және басқа да ауыл шаруашы­лығындағы қазіргі замандағы тың жаңалықтар мен бастамалар жас мамандардың пікір­таласына арқау болды.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Аграрлық саланың жаңа серпіні · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар