Жаңалықтар
1 мин оқу 420

Туындылар ескі жылды түйіндеді

<p style="text-align:justify">Облыстық бейнелеу өнері мұражайында бас&shy;&shy;тал&shy;&shy;&shy;&shy;ған есептік көрмеде қа&shy;р&shy;а&shy;&shy;ғандылық қылқалам ше&shy;бер&shy;лерінің биылғы жылды та&shy;быс&shy;ты аяқтағалы отырғаны ай&shy;тылды. Мәдени мекемеде ұйым&shy;дастырылған көптеген іс-шара өнерсүйер қауымның көңілінен шығып, лайықты бағасын алды.</p>

Туындылар ескі жылды түйіндеді

Мысалы, биыл Роза Абу­сева, Мәдихан Қалма­ханов, Сергей Чеченов, Вла­димир Троценко сынды өңірге танымал суретшілердің жеке көр­мелерінің жоғары дең­гейде өтуі де жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады.

Ал жыл соңындағы көр­меде келушілер назары­на 80-нен астам жұмыс ұсы­ныл­ды. Экспозицияда бү­гін­­­­гі суретшілерімізді тол­­ған­­­дыратын әртүрлі та­қы­­­­рып­тардағы және түрлі жанр­­лардағы туындылар бар. Сонымен қатар атал­ған көр­менің танымал қыл­қа­лам шеберлері мен жас су­рет­шілердің, оқы­ту­шы­лар­дың және олардың бұрын­ғы студенттерінің басын қос­қанын айтқан ләзім. 

– Бұл көрме маған та­қырыптық еместігімен ұнай­ды. Мұнда нақты бір тақы­рып жоқ. Авторларды көбіне адам­ның өзі, оның ішкі жан дүниесі, рухани болмысы қызықтырады. Дәл осы күйді бізге Қуат Ас­­­қаров, Олег Дроздов, Галина Ко­ломенская, Мәдихан Қал­ма­ханов көрсете алды, – деп атап өтті өнертанушы Наталья Ива­нина.

Қорыта айтқанда, есеп­тік көрмедегі бір жылды түйін­деген туындылар  қара­ғандылық суретшілердің қа­зіргі қоғамда болып жат­қан түрлі оқиғаларды, адам­дарды не нәрселердің тол­ғандыратынын, біздің түсі­нігіміздің рухани тұрғыда   қан­шалықты толыққандығын танып-білуге құштар екендігін көрсетті.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Туындылар ескі жылды түйіндеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар