Жаңалықтар
2 мин оқу 1,050

Ұлттық арнада «Жарнамасыз Жаңа жыл»!

<p style="text-align: justify;">Жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсан күні &laquo;Qazaqstan&raquo; Ұлттық арнасы &laquo;Жарнамасыз жаңа жыл&raquo; акциясын бастайды. Яғни, бір күн бойы Ұлттық арна эфиріндегі бағдарламалар мүлдем &nbsp;жарнамасыз көрсетілетін болады.&nbsp;</p>

Ұлттық арнада «Жарнамасыз Жаңа жыл»!

Мерекелік күндерге орай, Ұлттық арна өз көрермендеріне қызықты шоу-бағдарламалар мен арнайы жобалар дайындап отыр. Айта кетсек, кішкентай көрермендер әйгілі «Walt Disney» кинокомпаниясының үздік анимациялық фильмдерін тамашалай алады.  31 желтоқсан күні  11:15-те  «Ханшайым мен Құрбақа» көрсетілсе,  1 қаңтарда 11:45-те «Пингвиндер биі»,  ал, 2 қантар күні 13:20-да «Жұлдызды төбет» және т.б анимациялық фильмдермен толығады. Бұл анимациялық фильмдердің барлығы «Қазақстан» корпорациясының кинокөрсетілім және дубляж бөлімінде аударылып, дыбысталған.

Сонымен қатар, 31 желтоқсан күні 14:25-те «Алатауым- алтын ұям» атты Республикалық ақындар айтысының 1 бөлімінің тұсаукесері болмақ. Ал, айтыстың  жалғасын, 2 және 3 бөлімдерін  1 қаңтарда 15:35-те және 2 қаңтарда 14:40-та көруге болады. Ұлттық арна әзілсүйер көрермендеріне арнап 18:10-да, «Қазақстан» корпорациясының «Алтын қорында» сақталған, кезінде кеңінен танымал болған «Тамаша» ойын-сауықтық бағдарламасын тарту етпек. Көрермен көзайымына айналған бағдарламаға  еліміздің біртуар әртістері - Құдайберген Сұлтанбаев, Тоқсын Құлыбеков, Мейірман Нұрекеев және т. б қатысқан болатын.

Одан басқа, 19:45-те белгілі әншілер: Әлішер Кәрімов, Луина және «Формат» тобының қатысуымен «Әзіл әлемі» ток-шоуының жаңа жылдық шығарылымы көрерменге жол тартады. 

Ұлттық арнаның көрермендеріне ұсынатын ең басты сыйы - «20.19 Басты арнадағы Жаңа жыл» атты музыкалық шоу-бағдарламасы  эфирге 21:50-де және 00:00-де шығады. Мерекелік шоуда қазақ эстрадасының танымал әншілері: Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеухан, Жанар Доғалова, Ерке Есмахан, Қайрат Түнтеков, Зируза, Ринго тобы және т.б өз өнерлерін көрсетеді. Ал, «20.19 Басты арнадағы Жаңа жыл» шоу-бағдарламасының бас қонағы әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген болмақ. 

Бөлісу:
Ұлттық арнада «Жарнамасыз Жаңа жыл»! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар