Спорт
1 мин оқу 390

Бес балуанымыз үздіктер қатарында

<p style="text-align: justify;">Халықаралық дзюдо федерациясы 2018 жылды қорытындылап, балуандардың рейтингін жаңартты. Жаңарған тізімде дзюдошыларымыздың нәтижелері жаман емес. Екі балуанымыз үздік 10 дзюдошының қатарына енген.</p>

Бес балуанымыз үздіктер қатарында

60 килодағы қос балуанымыз Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов 6-7 орынды бөлісіп тұр. Ерлан Серікжанов (66 кило) пен Елдос Жұмаханов та (66 кило) бір-бірімен іргелес тұр. Серікжанов 10-орынды, Жұмаханов 11-орынды иемденуде. Рио Олимпиадасына 66 килода қатысқан Жансай Смағұлов қазіргі таңда 73 кило салмақтың рейтингінде 10-орынға жайғасқан. Ал тағы бір Олимпиадаға қатысушы Дидар Хамза (81 кило) 14-сатыға табан тіресе, 90 кило салмақтағы Ислам Бозбаев жылды 9-орынмен қорытындылады. Сондай-ақ Виктор Демьяненко (-100 кило) 38-ші, Ерасыл Қажыбаев (+100 кило) 23-ші орында. 

Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ереже бойынша, 2020 жылғы Олимпия ойындарына әр салмақтағы үздік 18 спортшы қатысады.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Бес балуанымыз үздіктер қатарында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар