Саясат
1 мин оқу 310

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

<p style="text-align: justify;">Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.&nbsp;</p>

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевке зор денсаулық пен мол табыс, ал Өзбекстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ, көшбасшылар екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кең ауқымды қарым-қатынастың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Бөлісу:
Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар