Теннис
1 мин оқу 390

Ширек финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконгта өтіп жатқан жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын ITF Futures халықаралық турнирінің ширек финалына шықты.&nbsp;</p>

Ширек финалға шықты

Халықаралық турнирдің екінші айналымында отандасымыз жапониялық теннисші Жампей Ямасакиді 6:3, 7:5 есебімен жеңді. Ал бірінші айналымда жергілікті теннисші Чага Ламадан 6:1, 2:6, 6:3 нәтижесімен басым түскен болатын. Денис Евсеев ширек финалдық сайыста Таиланд спортшысы Вишай Тронгчарончаеквулмен кездесіп, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. 

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Ширек финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар