Қазақстан
1 мин оқу 703
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға тауға шығуды кейінге қалдыруға кеңес береді </p>

Құзырлы органның хабарлауынша, қаңтардың 3-5 аралығында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты тауда қар көшкіні жүру қаупі бар. "Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға серуендеуді кейінге қалдыруға кеңес береміз"- дейді ТЖД баспасөз қызметінен. Қазгидромет РМК жақын күндері Қазақстанның басым территориясында жауын-шашын түседі деп болжам жасап отыр. Алматы облысында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. 3 қаңтардан бастап ауа температурасы күндіз -1 пен - 4, түнде -7 болмақ.
Бөлісу: