Қазақстан
1 мин оқу 682
Астанада Жаңа жыл түні 24 сәби дүниеге келді
<p style="text-align: justify;">Астанада 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні 24 сәби дүние есігін ашты. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева хабарлады.</p>

"Жаңа жыл түні Астана бойынша 24 сәби дүниеге келді. Оның 12 ұл, 12 қыз. Барлығы да өздерін жақсы сезінуде. Құтты болсын!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Ал 2017 жылдың 31 желтоқсанынан 2018 жылдың 1 қаңтарына қараған түні 57 бала дүниеге келген еді.
Бөлісу: