Әлем
1 мин оқу 367

Даниядағы темір жол апатынан 6 адам қаза тауып, 16 жолаушы жараланды

<p style="text-align: justify;">Данияның Фюн аралында Үлкен Бельт көпіріндегі темір жол апатынан 6 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Бұл туралы ҚазАқпарат жергілікті полицияның ресми сайтына сілтеме жасап, хабарлайды.</p>

Даниядағы темір жол апатынан 6 адам қаза тауып, 16 жолаушы жараланды

«Фюн полициясы Үлкен Бельт көпіріндегі жол апатында 16 адам жараланып, 6 адам қаза болғанын хабарлайды. Апат бүгін таңғы сағат 07.30-да болған», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция мен құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Нюборгте пойыз жолаушыларына арналған эвакуациялық орталық жасақталды. Пойызда 131 адам болған. 

Бөлісу: