Әлем
1 мин оқу 600

Таиландтағы дауылға байланысты ескерту берілді

<p style="text-align:justify">Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшілігі Таиландта тынығып жатқан қазақстандықтарды абай болуға шақырды. Өйткені, Таиланд жағалауына &laquo;Пабук&raquo; тропикалық дауылы жақындап келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Таиландтағы дауылға байланысты ескерту берілді

«Құрметті отандастар! Барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз. Оңтүстік Қытай теңізінен басталған «Пабук» тропикалық дауылы Спратли аралдарының оңтүстік-батысында, бүгінде ол Сиам шығанағына жақындап келе жатыр. 5 қаңтар күні дауыл Таиланд жағалауына жетеді», - делінген елшіліктің ескертпесінде. 

3, 4 қаңтар күндері Сураттхани, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг және Сатун провинцияларында нөсер жауын жауады. Ал 4, 5 қаңтарда Пхетбури, Прачуапкхирикхан, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкх ла, Паттани, Яла, Наратхиват, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, Транг және Сатун провинцияларында қатты жауын күтіледі. 

Бөлісу:
Таиландтағы дауылға байланысты ескерту берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар