Әлем
1 мин оқу 370
Үндістанда оқушылар автобусы құзға құлап, 7 адам көз жұмды
<p><span style="color:#000000; font-family:Scada,sans-serif; font-size:15px">Үндістанның Химачал-Прадеш штатында оқушыларда мектепке апара жатқан автобус аударылып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV арнасына сілтеме жасап.</span></p>

Оқиға таңғы сағат 8.00 шамасында, штат астанасы Шимладан 150 шақырым жерде орын алған. Автобус балаларды Сангра қалашығындағы DAV мемлекеттік мектебіне апара жатып, құзға құлап кеткен. Салдарынан 7 адам - 6 оқушы, бір жүргізуші көз жұмды. 12 бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полицейлердің айтуынша, кей балалардың жағдайы аса ауыр.
Алдын ала болжам бойынша, апатқа 40 жастағы жүргізушінің ұқыпсыздығы себеп болған.
Фото: Getty Images
Бөлісу: