Теннис
1 мин оқу 241

Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті

<p style="text-align:justify">Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сиднейдегі турнирде әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті. Бұл туралы&nbsp; Olympic.kz жазды.</p>

Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті

Турнирдің 1/8 финалында Юлия америкалық Слоан Стивенске қарсы ойнаған болатын. Аса тартысты өткен матчтың алғашқы сетінде Путинцева 3:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Ал екінші және үшінші сет қазақстандық спортшының басымдығымен аяқталды. 

Сиднейдегі турнирдің 1/4 финалында Юлия Путинцева голландиялық Кики Бертенспен кездеседі.

Бөлісу:
Юлия Путинцева әлемнің бесінші ракеткасынан басым түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар