Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Президентке есеп берді
<p style="text-align:justify">Бүгін Асқар Шәкіров Мемлекет басшысына есеп берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Мемлекет басшысына 2018 жылы атқарған жұмысы жөніндегі есебін ұсынды.
Аталған құжат қаралған азаматтардың арыз-шағымдарын, мониторингтік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылын негізінде жасалған Қазақстандағы адам құқықтары жағдайының талдауы болып табылады.
Есеп ұлттық құқық қорғау мекемесі қызметінің нәтижелері, өзекті құқық қорғау мәселелері, сондай-ақ оларды қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қамтиды.
Мемлекет басшысының қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қажетті тапсырмалар берілді.