Парламент
1 мин оқу 300
Күн тәртібі нақтыланды
<p style="text-align: justify;">Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабар­лады Мәжілістің баспасөз қыз­меті.</p>

Атап айтқанда, палатаға құқықтық салаға қатысты Қазақстан мен Иордания арасындағы бірқатар келісімдерді қамтитын ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды.
Осылардың қатарында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы құжаттар бар.
Аталған келісімнің мақсаттарын іске асыру жөніндегі Қазақстандағы орталық мемлекеттік орган Бас прокуратура болып табылады.
Бөлісу: