Бокс
1 мин оқу 334

Жерлестеріміздің кезекті жеңісі

<p style="text-align: justify;">АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Инес қаласында қазақ&shy;стан&shy;&shy;дық екі кәсіпқой боксшы Мадияр Әш&shy;кеев пен Мейірім Нұрсұлтанов өздерінің кезек&shy;ті жекпе-жектерін өткізіп, екеуі де жеңіс&shy;ке жетті.</p>

Жерлестеріміздің кезекті жеңісі

Бірінші болып шаршы алаңға Мейірім Нұр­сұлтанов шықты. Сегіз раундқа жоспарланған кездесуде Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агунагамен жұдырықтасып, жекпе-жектің екінші раундында қарсыласын сұлатып салды. Осылайша, Мейірім кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.

Ал аталған бокс кешінің басты жекпе-жегіне шыққан Мадияр Әшкеев пуэрторикалық Луис Эрнандеспен кездесті. Екі боксшы да жоспарланған 10 раундты толық жұдырықтасып, төрешілердің шешімі бойынша отандасымыз бірауыздан жеңіске жетті. Бұл – Мадиярдың кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісі.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Жерлестеріміздің кезекті жеңісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар