Қоғам
1 мин оқу 1,180

35 жас - бала көтеру үшін кеш емес

<p style="text-align:justify">Германиядағы Макс Планк&shy;&shy;&shy;тің демогра&shy;фиялық зерт&shy;теулер инс&shy;&shy;титутының мәлім&shy;деуін&shy;ше, ананың жасы сәбидің мерзімінен бұ&shy;рын дүниеге келуі мен сал&shy;&shy;мағына әсер етпейді.&nbsp;</p>

35 жас - бала көтеру үшін кеш емес

Бұған дейінгі зерттеулерде 35 жас шамаларындағы ана­лардың сәбилері 2,5 келіден төмен болған және мерзімінен бұ­рын (37 аптадан төмен) дү­ние есігін ашатын. 

Дәрігер-ғалымдар 1987-2000 жылдары аралығында 35 жастан асып, дүниеге саламатты сәби әкелген мыңдаған финнің өміріне қарап, жас ұлғайған кезде дүниеге сәби әкелу қауіпті деген қа­лып­тасып қалған түсініктің жалған­ды­ғына көз жеткізген. 

Демографиялық зерттеулер институты директорының сө­зіне қарағанда, өмірге 7 айлық бала әкелу қырықтан асқан аналарда 25-29 жастағы аналарға қарағанда екі есе жоғары. 

Бірақ мамандар сау сәби әкелу ең алдымен ананың кү­ті­міне байланысты екеніне бас­ты назар аударып отыр. Ауыр көтеру, көңілсіз жүру, стресс алу – бәрі де анамен қоса құр­сақтағы нәрестеге де әсер етеді. «Әйел адам ана болуы үшін жасын уайымдамау керек. Одан да мінезін, әдетін ойласын. Ана болу ешқашан кеш емес» дейді Лондон эко­номикалық мектебінің зерттеушісі Алиса Гозис. 

Дайындаған Білім АРЫҚБАЙ

Бөлісу:
35 жас - бала көтеру үшін кеш емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар