Қазақстан
1 мин оқу 500

Сыйақы мөлшері – 3,1 миллиард теңге

<p>Ақтөбе облысының әкімдігі 2018 жылдың желтоқсан айы ішіндегі Тұңғыш Президент, Тәуелсіздік күні мерекелеріне байланысты және жыл қорытындысына орай қызметкерлер мен жұмысшыларға сыйақы төлеу жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл шақыруға облыстағы&nbsp;үлкенді-кішілі кәсіпорындар жетекшілері нақты іспен жауап берді.&nbsp;</p>

Сыйақы мөлшері – 3,1 миллиард теңге

Мерейлі шараны толық атқару үшін облыстық Экономика және бюджетті жос­парлау басқармасы өңір­де­гі орта және ірі кәсіп­орын­дардың қаржылық жағ­дайы мен сыйақы беру мүм­кін­дігіне тиісті талдау жүр­гіз­ді. Соның нәтижесінде 176 кә­­­­­сіпорындағы 40 мыңға жу­­­­ық қызметкер қомақты сыйақыға қол жеткізді. Бір қыз­­меткерге шаққанда оның орташа мөлшері 85 мың тең­гені құрады. Сыйақының жалпы мөлшері 3,1 миллиард тең­ге­ден асып түсті.

Осы орайда өз қызмет­кер­леріне сыйақы төлеу ісін­де мүдделілік көрсеткен әрі дәс­түрлі он үшінші жала­қыны беруде табандылық таныт­қандардың қатарында «Казхром ТҰҚ» АҚ», «ЭСНПС – Ақтөбе мұнай-газ», «КМК Мұнай», «ҚазақОйл» ЖШС, «Сағыз Петролеум», «АманМұнай», «Хромтау оперейтинг» секілді іргелі кәсіпорындар бар.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың ұл-қыздары және ата-ананың қамқор­лығынсыз қалған балалар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда жүргізілген қайырымдылық қағидаттары 20 мыңға жуық жеткіншекті қамтыды. Сонымен бірге ай­рықша қамқорлық пен білім беруді қажет ететін 3626 оқушы «Балаларға қуаныш сыйла» акциясына тартылды. Соған сәйкес оларға арнайы сый­лықтар берілді.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

Бөлісу:
Сыйақы мөлшері – 3,1 миллиард теңге · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар