Әлем
1 мин оқу 430

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

<p style="text-align:justify">Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалуымен құттықтады.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

«Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Бөлісу: