Әлем
1 мин оқу 630
Македония бұдан былай екі тілді мемлекет
<p style="text-align:justify">Македония бұдан былай екі тілді мемлекет. Бұл туралы парламент спикері Талат Джафери хабарлады.</p>

Парламент отырысында албан тіліне мемлекеттің ресми тілі статусы берілді. Жаңа заңды 120 депутаттың 69-ы қолдады. Қарсы тарап қатарында мемлекет президенті Герге Иванов та бар. Ол заңға қол қоюдан бас тартты. Онымен қоса мемлекеттің консервативті оппозиция блогы қарсылығын білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, Македония халқының төрттен бірі - албандықтар. Бұған дейін албан тілі тек этнос тұрып жатқан аймақтарда ғана ресми тіл статусына ие болған.
Бөлісу: