Жаңалықтар
3 мин оқу 630

Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк өткен жылдың соңында 2018 жылғы IV тоқсан мен 2020 жылғы&nbsp; II тоқсан аралығындағы инфляцияға болжам жасап, Мемлекет басшысының инфляцияны біртіндеп азайту туралы тапсырмасы аясында 2018 жылы инфляцияны 5-7 пайыз аралығында болады деп белгіледі. Жыл қорытындысы бойынша ұлттық валютаның құнсыздануы 5,3 пайызды құрады. Ал 2019 жылы инфляцияны Ұлттық банк 4-6 пайыз аралығында сақтаймыз деп жоспарлап отыр.&nbsp; &nbsp;</p>

Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма?

Бас банк жаңа жылға ар­налған 2 базалық сценарийді қарас­тырған болатын, екі жағдайда да мұнай бағасы 60 АҚШ доллары деп бекітілген еді. Дегенмен 2018 жылдың соңында кө­мір­сутегі бағасы күрт арзандап, брент мар­калы мұнай құны барреліне 50 долларға дейін түсіп кетті. Сол себепті Үкімет 2019-2021 жыл­дар­ға арналған рес­пуб­­ли­калық бюджет жобасын қай­та қарастырып, мұ­­най бағасы 55 доллар деп бе­кіт­­ті. Мұнайдың арзандауы тең­генің құн­сыздануын кү­шей­те түсетінін ескерсек, 2019 жылы инфляция көлемі Ұлт­­тық банк белгілеген 4-6 пайыз­дық дәлізден шығып кетуі де ықтимал. 

Ұлттық банк төрағасы инфляцияның келер жылы күшейіп кету қаупін де жоққа шығармайды. Бұл туралы бас банкир былтыр: 

– Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өз құзыреті шегінде инфляциялық таргет­теу саясатын жүргізуді жалғас­тырады, – деп мәлім­деген еді. 

Өз сөзінде ол орнықты эко­но­ми­калық дамуды қамта­масыз ету үшін ақша-кредит және бюджеттік саясаттың үйле­сімділігі қажет екендігін атап өтті. 

– Жүргізіліп отырған ақша-несие сая­сатында Қазақ­станның Ұлттық банкі респуб­ликалық бюджет шығыс­тарының айтарлықтай бөлігін қаржыландыратын Ұлттық қордан трансферттің көлемін де ескереді, – деген Д.Ақышев. 

Бұл тұрғыда Ұлттық банк төрағасы теңгенің құнсыз­дануы шектен шығып бара жатса, Ұлттық қордың қара­жа­тын пайдаланып, тіпті әкім­шілік интер­венцияға жүгініп инфляцияны аталған дәлізден асыр­май ұстап тұруға күш салаты­нын айтты. Тауар мен қызмет бағасының қымбат­тауы қарқын алған жағдайда Д.Ақышев Ұлттық қор мен әкімшілік ресурстар арқылы 2020 жылдан кейін инфляцияны тіпті 4 пайыздан да өсіріп жіберуге дайын отыр. 

Сонымен қатар Д.Ақышев ұлттық ва­лютаның базалық мөлшерлемесін де көтере отырып, теңгенің күйін мықтай түспек.

– Базалық мөлшерлеменің ағым­дағы 9,25 пайыздық дең­гейі теңгемен активтерге сұра­нысты арттыруға және ақша-несие жағдайларын қо­лай­лы деңгейде сақтауға мүм­кіндік береді, – деді бас банкир. 

Д.Ақышевтың Ұлттық банк құзы­реті айналасындағы шараларынан бөлек биылдан бастап инфляцияны азай­­та­тын объективті себептер де бар деуге болады. Мәселен, Мемле­кет бас­­шы­сының өткен жылдың соңын­да Үкі­мет отырысында ком­мунал­дық шаруа­шылық саласындағы монопо­листерді назарға алып, тарифтерді арзандату туралы тиісті органдарға берілген тапсырмасы аясында қызмет ақысы арзандайтын болса, бұл 2019 жылы теңгенің құн­сыздануын бәсеңдете түспек. 

Инфляцияның серпінін айқындай­тын негізгі фактор­лардың қатарында сыртқы әсерлерді де жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, Ресейдегі инфля­ция­ның салқыны бізге де жететіні бұ­рын­нан белгілі. Көршімізге қатыс­ты батыс елдерінің санкциясы кү­шейген сайын рубльдің девальвация­лану қаупі де күшейе береді. Энергия ресурс­тарының, соның ішінде мұнай­дың арзандауынан, соның салдарынан болатын нақты ақша кірістерінің азаюы да сондай себептердің бірі. 

– Қазақстанның экономи­касы әлі күнге дейін сырт­қы дағдарыстарға қар­сы тұру­ға әлсіздеу болып тұр. Әлі күн­­ге дейін мұнай бағасы бұ­рын­­ғыдай экономикалық бел­­сен­діліктің серпінін анық­тайтын маңызды фактор болып қалды, – деген Д.Ақышев ел эко­номикасының әлсіз жерін жасырмай атап көрсетті.

– Егер мұнай бағасы барреліне 60 емес, 40 АҚШ доллары болса, жылдық инфляция 2019-2020 жылдары аталған 4-6 пайыздық дәлізден анағұрлым асып кетуі ықтимал. Олай болса, ақша-несие талаптарына түзетулер енгізу керек болады,– дейді ол. Қалай десек те, Ұлттық банк төрағасының биылғы жұмысы жеңіл болмасы анық.

Айта кетейік, таяуда бір­неше ірі инвестициялық компа­ния мен зерттеу агент­тіктері жаңа жылдың жаһан­дық экономикасына болжам жасай келе, 2019 жылы мұнай бағасының орташа құны 62-67 АҚШ доллары аралығында болатынын жорамалдайды. Егер жаһандық экономика күрт дағдарыстан аман болып, геосаясат тұрақталатын болса, теңгенің инфляция деңгейін Ұлттық банк 4-6 пайыз дәлізінде ұстап тұруға тиіс.

Бауыржан МҰҚАН,

«Егемен Қазақстан» 

Бөлісу:
Теңге бағамының тұрақтылығы сақтала ма? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар