Медицина
2 мин оқу 560

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

<p style="text-align:justify">Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев &laquo;Қазақстан жолы &ndash; 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ&raquo; атты Жолдауында: &laquo;Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады&raquo; деп атап өткен болатын. Осы мақсатқа жету жолында елімізде түрлі бағдарламалар жүзеге асып, жұмыс істеліп жатыр. Соның нәтижесінде елімізде емделетін шетелдік пациенттердің саны жыл сайын артып келеді.&nbsp;</p>

Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ

Еліміздегі медициналық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен қамтамасыз ететін арнайы онлайн портал (medicaltourism.kz) іске қосылған. 1430 нөмірі бойынша Call-орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек еліміздегі меди­ци­на­лық туризмнің дамуына үлес қосып жатқан туристік опер­а­торлардың да маңызы артып келеді. Осыны ескерген Ден­сау­лық сақтауды дамытудың рес­публикалық орталығы турис­тік операторларға арнайы тур ұйым­дастырды. Туристік фирма өкілдері Ұлттық нейрохирур­гия орталығы, Ұлттық кардио­хирургия орталығы, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, «Үміт» томотерапия және ядро­лық медицина орталығы сияқты бір­қатар жетекші клиникаларда болып, инновациялық меди­ци­на­лық қызметтермен танысты. 

Ұлттық нейрохирургия орта­лы­ғының жоғары санат­та­ғы нейро­хирургі Нұрман Чаб­да­ров­­­­тың айтуынша, 10 жыл бойы қызмет көрсетіп келе жат­қан меди­циналық мекеме соңғы жыл­дары 300-ден астам шетелдік пациентті емдеген. Дəрігер Тәжікстаннан келіп, ми ісігі деген қауіпті диагнозбен түс­кен әйелге алты күн бұрын операция жасалғанын мысалға келтірді. Науқас аурухана­дан жазылып шығып, еліне қайтқан екен. «Бізге келетін шетелдік пациенттер жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар нейрохирургия, неврология бойынша қызметімізге жүгінді. Атап айтқанда, орталық жүйке жүйесі, бас, ми, омыртқа, жұлын ауруы бар науқастар емделді. Бұдан бөлек, дəрі-дəрмек, физиотерапия түрінде көмектесеміз. Пациенттер Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты көрші елдерден жиі келеді», деді Н.Чабдаров.

Турға қатысқан «КITO» ту­р­ис­­тік компаниясының ди­ре­к­­­­торы Жазира Жанкина Қа­з­ақ­­­стандағы медициналық қыз­­­мет­тер­дің Оңтүстік Корея, Еу­­­ропа елдерімен салыс­тыр­ған­да 4-5 есеге арзан əрі сапасы да жақсы екенін айтады. Сон­дық­тан да отандық маман­дар­ға ха­бар­­­ла­сатын шетелдіктер де аз емес көрінеді. 

Ұйымдастырушылар ақ­па­рат­тық турдың ел ме­ди­ци­на­­сы­н­ың әлеуетін таныс­ты­ру­ға мол мүмкіндік бере­ті­н­ін айтады. Іс-шара соңында ақ­пар­аттық турға қатысушылар аталған клиникалармен екі­жақ­ты меморандумға қол қоюға әзір екен­діктерін жеткізді. 

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Медициналық туризмді дамытуға үлес қоспақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар