Медицина
3 мин оқу 2,313

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

<p style="text-align:justify">Осыған дейін ел дәріханаларындағы дәрі-дәрмек бағасының әркелкілігі, медициналық препарат саудасының кімдер үшін табыс көзіне айналуы қоғам назарын аударған өзекті жайттардың бірі болды. Биыл сәуір айынан бастап еліміздегі дәрі-дәрмектің бағасы мемлекет тарапынан реттелетін болады. Бұл жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған &laquo;Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы&raquo; заңын жүзеге асыру бо&shy;йынша орындалмақ.&nbsp;</p>

Дәрі-дәрмек бағасы реттеледі

Мамандар заңға енгізілген түзетулер дәрілік заттардың қол­жетімділігін арттырып қана қоймай, дәрі-дәрмекпен қам­та­масыз етуде мемлекеттік шы­ғын­дардың да азаятынын айтады. Енді дәрі-дәрмек бағасы қаңтар және шілде айларында жылына екі рет бекітіледі. Осы уақыт аралығында дәрі өн­ді­ру­шілер мен сатушылар өз өнімдерін бекітілген бағамен тіркеп сатуға мүмкіндіктері бар. Елімізде 8 мыңнан астам дәрі түрі тіркелген болып, бүгінде оның 2 мыңнан астамының бағасы реттеліп бекітілген. Ал­дағы уақытта Қазақстан тер­­риториясында тіркелген бар­­лық дәрі-дәрмектің бағасы біркелкі болады. Дәрі бағалары туралы ақпарат Денсаулық сақ­тау министрлігінің Фармация комитеті және барлық об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­қар­маларының ресми сайттарында жарияланып отыратынын айтқан Фармация коми­те­тінің төрайымы Людмила Бюрабекова бағаны тексеруге арналған мобильді қосымша да жасалып жатқанын жеткізді. «Аталған заң үш айдан соң күшіне енеді. Өйткені осы уақыт аралығында министрлік дәрі-дәрмектің бағасын реттеу ережесін бекітеді. Онда кө­терме және бөлшектеп сату­дың нормасы мен баға көр­сет­кіші нақты көрсетілетін бо­лады. Дәрі-дәрмек жеткізу және сатумен айналысатын ұйым­дар сол ережеге сай жұмыс істеуі тиіс. Бекітілген ереже сақ­талмаған жағдайда, яғни дәрі бағасы заңсыз көтерілгені анық­талса, ұйым әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылады немесе лицензиясынан айырылады», дейді комитет басшысы. 

Осы тақырыпқа байланыс­ты «Медсервис плюс» Қазақ фармацевтикалық ком­пания­сы­ның сапа бойынша директоры Саида Ерденбековаға хабар­ласқанымызда, аталған заңға сай алдағы уақытта дистрибью­тор­лық компаниялар жер­гілікті тасымалдаушыларға бас­ым­дық беретінін айтады. «Біздің компания дистрибь­ютор­лық бағытта және фар­ма­­цевтикалық өндіруші ре­тін­де жұмыс істейді. Бізде баға белгілеу деген арнайы бөлім бар. Бұл заңға сәйкес бар­лық дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағаларын бақы­лап отырады. Әсіресе шетелден келетін дәрілер қатаң қа­да­ғалау­да болады. Қазіргі таңда 300-ге тарта тасымалдаушымен жұмыс істейміз.  Оның тең жартысы шетелдік тасымалдаушы. Осы уақытқа дейін түпнұсқалық дәрі-дәрмектерді тасымалдасақ, енді жергі­лікті тасы­малдаушыларға басым­дық беретін боламыз», дейді С.Ерденбекова. 

Атап айтқанда, жаңа заңда «СК-Фармация» ЖШС бір­ың­ғай дистрибьюторы мен басқа да медициналық ұйым­дар электронды сатып алуға толықтай көшуі қарас­ты­рыл­ған. «Қазіргі таңда тестілеу ре­жімінде 2019 жылға бір­ың­ғай дистрибьютордың дәрі-дәр­мектерді сатып алуын іске қос­тық. Аталған қызметті Қаржы министрлігінің электронды сатып алулар порталы атқаруда. Бұл сыбайлас жемқорлықтың азаюына мүмкіндік береді.  Өйткені бүгінде жет­кізу­шілер мен тендерлік комис­сия мүше­ле­рі арасында еш­қандай байланыс жоқ. Барлық үдеріс онлайн режімде, электронды форматта өтеді. Үлкен қағаз пакеттері түріндегі құжат­та­маны беру тұрғысынан жет­кізу­ші­лердің жүктемесі азайды», деді Л.Бюрабекова.

Бұған қоса  2019 жылға ар­­нал­ған дәрімен қамтамасыз етуді қаржыландырудың жалпы сомасының 90%-ы сатып алынған. «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының мін­де­тін атқарушы Берік Шәріп­тің айтуынша, бұл препарат­тар­ды дистрибьютордың қой­ма­ларына жеткізу желтоқсан айынан бастап жүргізілуде, қазір дәрі-дәрмектің басым бө­лі­гі бүкіл Қазақстан бойын­ша тран­зиттік қоймаларға тасыл­ған. Ал пациенттерді тегін дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз ету үшін сатып алынған дәрі-дәр­мек­тер­дің тізімі 1144-ке жеткен. «Медициналық ұйымдар 203,5 млрд теңге сомасында алдын ала өтінім берді. Дәрі-дәрмектердің 421 атауы 45 ауру бойынша диспансерлік есепте тұрған пациенттерді амбулаториялық емдеу үшін анықталды. Олар үшін 105,1 млрд теңге сомасында, ал 953 атауы 98,4 млрд  теңге сомасында дәрі-дәрмектер стационарлық көмек көрсету үшін сатып алынуда», деді Б.Шәріп.

Өткен жылы тегін дәрілер алатын пациенттер үшін кері бай­­­ланыс құралы жүзеге асы­рыл­­ған болатын. Соның нә­ти­­жесінде халықты тегін дәрі­лермен қамтамасыз ету мәсе­ле­­лері бойынша 1439 бай­­ланыс ор­­та­лығы жұмыс істеуде. Онда дәрі-дәр­мектерді жет­­­кізу уақыты, көле­мі және жос­­пар­­ланған күні ту­ралы ақ­­па­рат­ты ұсынатын опера­торлар жұ­мыс істейді. «Бұдан басқа, дәрі­лер­дің нақты боса­тыл­уы­на мониторинг жүр­гізу үшін «Дәрілік қамта­­масыз ету» ақ­пар­аттық жүйе­­­сіне сәйкес тегін препа­рат­тар алған пациент­терге SMS-хабар­ламалар тарату жалғасуда.

Майгүл СҰЛТАН, 

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: