Жаңалықтар
2 мин оқу 1,981

«Мұғалім мәртебесі» заңына қатысты 8 мыңнан астам ұсыныс түскен

<p style="text-align:justify">Білім және ғылым вице-министрі Э.Сухан&shy;бер&shy;диева, Пар&shy;ламент Мәжілісінің депутаттары И.Смирнова және Н.Дулатбековтың, сон&shy;дай-ақ Астана қала&shy;сын&shy;дағы педагогтар қауым&shy;дастығының қаты&shy;суымен &laquo;Педагог мәр&shy;тебесі туралы&raquo; заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.</p>

«Мұғалім мәртебесі» заңына қатысты 8 мыңнан астам ұсыныс түскен

Аталған заң жобасында педагог қызметімен бай­ланыс­ты педагогтардың құқық­тық жағдайын сапалы жақ­сар­туға ықпал етіп, оларды әлеуметтік қорғауға кепілдік беретін құқықтық, әлеуметтік-эко­номикалық қарым-қаты­насты реттеу көзделген. Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиеваның айтуынша, заң жобасын әзірлеу барысында Қытай, Финляндия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да шекаралас мем­лекет­тердің ұқсас заңдары қарас­тырылған.

Атап өткен жөн, заң жобасы 2018 жылғы желтоқсан айында Алматы қаласының педагогтар қауымдастығымен бірге талқыланған болатын. Ал 2018 жылғы 14 желтоқсанда Әділет министрлігінде заң қызметі мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық комис­сияның отырысында «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақ­стан Респуб­ликасының кейбір заңна­малық актілеріне педагог мәр­тебесі, мұғалім мен оқушы­ға жүктемені төмендету мәселе­лері бойынша  өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдардың тұжы­рымд­а­малары барлық комис­сия мүше­лерінен бірауыз­дан қолдау тапты. Сон­дай-ақ бұқаралық ақпарат құрал­­дарында, әлеуметтік желі­­лерде және педагогикалық ұжым­­­­дарда заң жобасы белсен­ді тал­қы­ланып, 8 мыңнан астам ұсы­ныс келіп түскен. Біз олар­дың барлығын назарға ала оты­рып Үкіметке, Мәжіліс пен Сенат­тың қарауына ұсынамыз. Содан кейін маусым айында Елба­сы қол қояды» деді вице-министр. 

Сондай-ақ заң жобасында мұғалімдерге жылына сауық­т­ыруға қазіргідей бір емес, екі жалақы көлемінде көмек беру қаралған. Дәптер тексеру мен сынып жетек­ші­лігіне 15 мың теңгедей қосы­лады. Жас мұғалімдерге тәлім­гер­лік жасағандар мен ғылы­ми атағы бар ұстаздарға да қосым­ша ақша төленеді. Бұл жаңа­шыл­дықтардың көпші­лігін педагог­тардың кәсіподағы ұсынған.

«Балабақшада жұмыс істей­тін әдіскерлеріміз 42 күн дема­лады. Ал енді мектепте, жоғары оқу орындарында, колледждерде жұмыс істейтін ұстаздардың бәріне бірдей 56 күн еңбек де­малысы беріледі деген си­паттағы норманы заң жобасына қостық» деді Білім және ғы­лым қызметкерлері салалық кәсіп­одағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева. 

Заң жобасы 6-тарау және 21-баптан тұрады. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында педагог мәртебесі және оның педагогикалық қызметі, педагог әдебі, педагогтың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, педагогке кәсіптік қыз­метке рұқсат беру мәселе­лері қарастырылған.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: