Аймақтар
1 мин оқу 410

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

<p style="text-align:justify">Батыс Қазақстан облысында 450 мемлекеттік орган бар. Оларда 4149 адам қызмет атқарып жүр. Ал 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті&nbsp;Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Масимова хабарлады.</p>

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

2018 жылы облыста мемлекеттік органдар 2065 бос лауазымға байқау жариялаған. Осы конкурстарға 2170 үміткер қатысып, олардың ішінен 1156-і жеңімпаз болып шығыпты.

- Конкурстың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларына байқаушылар қатыстырылды, - дейді Венера Нұрахметқызы.

2018 жылы өңірде әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына түсу үшін заңнамаларды білуге арналған сынаққа 2404 адам қатысып, 57%-ы тестілеуден өте алмаған. Ал құқық қорғау қызметіне түсуші 1743 адамның 39,4% ғана тест сынағынан сүрінбепті.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Бөлісу: