Жаңалықтар
1 мин оқу 373
Юлия Галышева әлем кубогінің іріктеу кезеңінде көш бастап келеді
<p style="text-align: justify;">Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді деп жазады Olympic.kz. </p>

Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орында. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), австралиялық Джакара Энтони (74.21)үшінші сатыда.
Өкінішке қарай, Аяулым Әміренова 35-ші орын иеленіп, іріктеуден өткен жоқ.
Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді.
Финалдық бәсеке 18 қаңтар күні өтетінін еске саламыз.
Бөлісу: