«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті
<p style="text-align:justify">«Барыс» ойыншылары Роман Старченко мен Даррен Диц өнер көрсететін Чернышев дивизионының құрамасы ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті. Бұл туралы «SPORTINFORM» хабарлады.</p>

Диц Қазандағы Жұлдыздар матчының финалдық кезеңінде Тарасов дивизионына қарсы ойында дубль жасады (4:3). Бұдан бұрын Роман Старченко жартылай финалда шайба салса, «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Найджел Доустың хет-тригі Харламов дивизионына үшінші орын алып берді.
Чернышев дивизионы - Бобров дивизионы - 4:3.
Шайба салғандар:
0:1 Кагарлицкий (Марченко), 02:07
1:1 Бурдасов (Верба, Хольм), 03:42
2:1 Диц (Верба), 03:58
3:1 Диц (Широков), 06:28
4:1 Коларж, 12:49
4:2 Шипачёв (Майоне, Марченко), 13:45
4:3 Кагарлицкий (Марченко), 16:53
Қақпашылар: Бобков - Хелльберг