Аймақтар
1 мин оқу 611
Қармақшыдағы зауыт қалдықсыз жұмыс істейді
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Дүр Оңғар ауылында ашылған зауыт қалдықсыз жағдайда жұмыс істейді.</p>

Тәулігіне 66 тонна күріш ақтайтын зауыт оның қалдығын да қажетке жаратып отыр. Енді күріш кебегі мал азығына, бордақылауға пайдаланылады. Бұл іспен «Жаңажол» шаруа қожалығы айналысып келеді.
- Бұрынғы күріш ақтайтын диірменнен айырмашылығы көп. Мұнда фотосеператор қызыл күріштен ажыратады. Айта кетерлігі, сағатына 5 тонна күріш шығаруға әбден болады. Өнімді еліміздің бірқатар өңірлеріне жіберіп жатырмыз. Келешекте экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз, - деді шаруа қожалығының бас агрономы Төлеу Ерғалиев.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»
Қызылорда облысы
Бөлісу: