Қазақстан
1 мин оқу 604

Салықтан жалтарғандармен күрес күшейтіледі

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласы бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша кеңейтілген жиында кәсіпкерлік мақсатта пайдаланып отырған нысандарға бақылау күшейтіліп, көлеңкелі экономикамен күресті белсенді жүргізу тапсырылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов &laquo;Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін алдағы үш жылда дотациялық аймақтан донорлы аймаққа айналуы қажет&raquo; деп айтып өтті.</p>

Салықтан жалтарғандармен күрес күшейтіледі

Шымкент қаласы бойын­ша Мемле­кеттік кірістер депар­таментінің басшысы Нұ­ралхан Көшеровтің айтуынша, өткен жылға салықтық төлемдер бойынша бе­кі­тіл­ген жоспар 73 млрд теңге болса, нақты 78 млрд теңге түскен. 2017 жылмен са­лыс­­тырғанда түсімдер 9,7 млрд теңгеге ар­тығымен түскен.

Кездесуде көлеңкелі экономикамен кү­ресіп, салық түсімін арттыру, барлық кә­сіп­­кер­лердің жалдамалы жұмыс­шы­ла­рын тір­кетіп, олардың табыстарын шынайылыққа келтіру мәселесі әңгіме бол­ды. Сондай-ақ жалдамалы жұмысшылары үшін төле­нетін әлеуметтік, жеке табыс салықтарын ұлғайту, кәсіп­керлік мақсатта пайдаланып отырған нысандардың ба­ғалау құндарына қайта ба­ғ­алау жұ­мыстарын ұйым­дас­тырып, мүлік салығының түсімін арт­тыруға баса назар аударылды.

Қазіргі таңда қалада 68 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Осы кәсіп­керлік субъектілерінен 2018 жылға мемлекеттік бюд­жетке 22,6 млрд теңге түс­кен немесе жалпы түсімнің көр­­сеткіші – 15,8 пайыз ғана болған. Сондай-ақ мүлік салы­ғынан жалтару үшін кәсіп­керлік мақсатта пайдаланатын ғимараттардың құны ай­тарлықтай аз көрсетілген. Осы орайда департамент басшысы кәсіпкерлерді бір ай мер­зім ішінде нақты табыстарын көрсетіп, қосымша салық есеп­тіліктерін тапсыруға үндеді.

Нұршат ТӨКЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Салықтан жалтарғандармен күрес күшейтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар