Руханият
2 мин оқу 552

Құрылысқа қажетті жерлер қайтарылуда

<p style="text-align: justify;">Түркістанда мемлекет қажеттілігі үшін үйлері сүрілгелі жатқан тұрғындар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайында туристерге арналған кешен салғысы келген әкімдіктің нарықтан әлдеқайда төмен баға беріп жатқанын айтып, ақпарат құралдарына шағымданған болатын.</p>

Құрылысқа қажетті жерлер қайтарылуда

Қаланың жақсы аумағы саналатын жерде тұратын 170-ке тарта шаңыраққа жергілікті әкімдік «жер учаскелері мемлекетке қажет» деген хабарлама жіберген. Ал олардың баспаналарын бағалауда жекеменшік компания нарықтан бірнеше есе төмен баға ұсыныпты.

Бағамен келіспеген тұр­ғындар наразылықтарын біл­діріп, қала әкімдігіне бар­ған. Наразы жұрттың алды­на шыққан қала әкімінің орын­басары Тәжібек Мұсаев тұр­ғындарға қысым көрсе­тілме­генін, бұзылатын үйлер­дің тұр­ғындары бір жарым ай ішінде баспанасын босатуы керектігін айтқан. Баға ұнамаса, жұрт өзіне бағалаушыны тауып алуға болатынын да ескертіпті. Ал осы мәселеге қатысты Өңір­лік коммуникациялар қыз­метінде өткен брифингте Түр­кістан қаласының әкімі Әліп­бек Өсербаев құрылыс нысандарына қажетті жерлерді қайтару жұмыстары заң не­гізінде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда 98 гектар жерді алатын «Рухани-мәдени орталықта» қажетті жерді дайындау мақсатында  мемлекеттің мұқтаждығы үшін 167 нысанды (13 кәсіпкерлік, 154 тұр­ғын үй) қайтару жұмыстары жүргізілуде. «Аталған 167 ны­санға акт толтырылып су­рет­ке түсірілген. Бүгінгі таңда 161 нысанның бағалау жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ бұл жұмыстарды мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, кон­курстың нәтижесінде нысандарды бағалау жұмыстарын «Экспо оценка» ЖШС жүр­гізді. Бағалау жұмыстары біт­кен 161 нысанның бүгінгі таң­да 91 меншік иесінің келісімі алынған. Келісім алынған нысан иелерінің құжаттары толығымен аяқталып, тұрғын үй нысандарын бұзу жұмыстары бас­талып кетті. Оның 13-іне бұзу жұмыстары жүр­гізілуде. Ал келісімге келме­ген 40 нысанның құжаты заңға сәйкес сотқа жолданды. Отыз­ға жуық азаматпен келісім жұ­­­мыстары жүргізілуде», деді Әліпбек Өсербаев. Сондай-ақ «Әкімшілік-іскерлік орталық­қа» түсетін 672 гектарды құ­рай­тын жер аумағының заң талаптарына сәйкес, 470 гектары қайтарылған.

Берілген бағамен келіс­пеген нысан иелері, өз тарап­тарынан кез келген лицензия­лы мекемеге бағалау жасата алады. Екі тараптың ба­ғалау нәтиежелері сотқа жолданып, заң талаптарына сәйкес шешіледі. Одан бөлек, ке­ліспеген тұрғындардың арнайы өтініштері бойынша жұмыс жүр­гізу үшін өткен жылы жел­­тоқсанда қала әкімінің өкі­мімен қомиссия құрылған.  Құ­­рамында мемле­кеттік қыз­меткерлер және жер­­гілікті үкіметтік емес ұйым­дардың төрағалары мен мү­шелері, депутаттар бар 29 адам­нан құ­ралған комиссия жұ­мыс іс­теуде. Сондай-ақ брифингте қала әкімі заңға сәйкес мем­лекеттің мұқтажы үшін жер қайтару және бағалау шараларына келіспеген тұрғындармен бірнеше рет түсіндірме жұ­мыс­тары жүргізілгенін айтып өтті.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан

Бөлісу: