Жалақың қалай, педагог?
<p style="text-align: justify;">Педагог болғандықтан үздік­сіз ізденіс, үздіксіз сабылу, үз­дік­сіз жаңашылдық қажет. Әр сабағына қажетті түрлі-түсті көр­­некі­ліктердің өзіне біршама қар­­жы керек. Жұмыс пен үйдің арасына қатынайтын қоғам­дық көлігі, түстігі және жеке от­ба­сылық шығындары тағы бар. Осыны есептей келе, баласы­на не қалады деген ойға келе­міз. Өте өкінішті, сабылып жү­ріп халық­тың баласымен бірге өзі­нің де баласын қатарынан қалдыр­май өсіреді. <br /> </p>

Педагогтердің өзі мектепке дейінгі ұйым, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының мамандары болып бөліне береді. Ал осы бір мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің жалақысы бар-жоғы 28 мың теңге екенін біреу білсе, біреу бейхабар. Бұл қаржы қағаз шығаруға жеткіліксіз. Бастауыш мектептің ұстазы мен арнайы пәндердің ұстазының бір-бірінен қандай айырмашылығы немесе артықшылығы бар деген сұрақ көкейде тұрады. Ал колледж бен университеттегі педагогтердің жай-күйін кім бақылап жатыр? Соның ішінде жеке білім беру орындарының жалақы мәселесі қалай?
Мысалы, мен колледжде арнайы пәндер оқытушысымын. 22 635 теңге жалақы аламын десем, біреуге ертегі, біреуге жалған сан ретінде көрінер. Алайда, бұл – шындық. Ай бойы талай студентке дәріс оқимыз. 90 минут бойы жағымыз талып, білім нәрін береміз. Түсіндіру көрнекіліктерім, ғылыми баяндамаларым, одан қалса ғылыми мақалаларым тағы бар. Кураторлық қызметке ешқандай қаражат қарастырылмаған. Бұл не масқара дейтін шығарсыз? Дегенмен, осылайша топтағы студенттеріме кететін шығындарым бастан асады. Әрқайсының жеке-жеке саулығы мен біліміне тікелей жауап беретін болғандықтан, бұл жүктелген міндетті оп-оңай лақтыра салғым келеді. Алайда, әр студенттің жеке өзіне тән болмыс-бітімдері бар. Әрқайсы сіңлімдей көрінеді.
Әлемдік деңгейде шетелдердегі педагогтердің жалақысын зерттеген болатынмын. Мысалы, бір айлық жалақы Англия мен Норвегияда – 1 500 000, Аустралияда – 1 200 000, Жапонияда 1 100 000, Канадада 1 000 000, Кореяда 750 000 теңге көлемінде, ал елімізде 21 000 теңгеден жоғары бағаны құрайды. Ащы мәліметтің удай шындығы осы. Қазақстандық педагог шетелде 1 жыл жұмыс істеп келсе, миллионер болар еді. Бұл өзгенің қалтасына үңілу емес, еліміздің педагогтеріне де лайықты сый-құрмет жасалса деген ой.
Аида ХАСАНОВА,
Орал гуманитарлық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Батыс Қазақстан облысы