Қазақстан
2 мин оқу 770

«Паровоз апа»

<p style="text-align:justify">Тоқсан жеті жастағы соғыс ардагері Алтынай Есболатованың есімі Жетісудың еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін мәшһүр. Жерлестері ол кісіні &laquo;Паровоз апа&raquo; деп атайды.&nbsp;</p>

«Паровоз апа»

Алтынай апа әйгілі Ма­тай стансасында туып-өсті. Бұл стансаны әйгілі деп ата­уы­­­­­­­мыздың сыры бар, Екін­ші дү­ниежүзілік со­ғыс жылдарында Матайдың депосында орыс өнертапқышы Михайл Калашников алғашқы атыс қаруын ойлап тауып, құрастырған болатын. Түрксіб темір жолының негізгі бөлімі ретінде шағын стансада тір­шілік көрігі суы­­­ған емес. Әсі­ресе, соғыс жыл­дарында Орта Азиядан майдан шебіне аттанған составтар легінде сан жоқ еді. Жастайынан те­міржолдың тарсылы мен паровоздың ащы даусына құлағының құрышы қанған Алтынай Есболатова он то­ғыз жасында машинистің қыс­қа мерзімді оқуын оқып, паравоздың басқару тізгінін қолына алды. Осылайша, әс­кери пойыздың машинисі атанған қазақтың жас қызы ауыр составты сүйреген пара­воздың кабинасында алғы шепке кете барды. Сталинград түбіндегі майданға әскери техника, адам күші, азық-түлік жеткізіп, кері оралғанда ауыр жараланған жауынгерлерді таситын еді. 

Қазір «Паровоз апа» Тал­­дықорған қаласында тұ­рады. Тек ол күндер туралы­ әңгімеге қасаң. Жалынға оран­ған жас­тығы мен ел күйзелген ке­зеңді есіне түсі­­руден бой тар­татын болар. Есесіне бүгінгі бақытты ұрпаққа үнемі бата беріп, тәуел­­сіз елдің тілеуін тілеп оты­рады. 

...Алтынай апамен жо­лы­­ғуға «Қарттар күні» қар­саңында барған едік. Ізімізді ала бір топ оқушы да «Паровоз апаны» құттықтап келе қа­лыпты. Апа балаларға батасын берді. 

– Жақсы оқыңдар, тәрбиелі болыңдар, ата-аналарыңның қуанышы, Отанның тірегі бо­лыңдар. Білім – барлық игі­ліктің кілті. Балалардың біз көр­ген қиындықты көрмей, бола­шақтары жарқын болуын тілеймін! – деді ардагер. 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Бөлісу: