Аймақтар
1 мин оқу 494

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығарады

<p style="text-align:justify">Жаңақорғандық кәсіпкер Қасым Әбжаппаров жүгеріден сусын шығаруды қолға алды.</p>

Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығарады

Жүгеріден сусын дайындау қазақ үшін жаңалық болмағанымен, тұтынушыларға талапқа сай дайындау көп жұмысты талап етеді. Және ол өнімнің сертификаты болуы керек.

Қасым Әбжаппаров діттеген мақсатына жетіп, түрлі жобаларға қатысу арқылы мемлекеттен қайтарымсыз үш миллион теңге алды.

«Жүгері - А, В, С, Е дәрумендеріне бай. Онда адам денсаулығын нығайтатын калий, магний сияқты элементтер бар. Сондықтан да пайдалы», - дейді кәсіпкер.

Жаңақорғандық кәсіпкер өз өніміне Қазақ тағамтану академиясынан оң нәтиже алған. Осыған қанағаттанған ол болашақта қарбыз, қауыннан да сусын шығармақ.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Жаңақорғандық кәсіпкер жүгеріден сусын шығарады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар