Жекпе-жек
1 мин оқу 1,480

Аралас жекпе-жектен ел чемпионаты алғаш рет Алматыда өтеді

<p style="text-align:justify">2018 жылдың&nbsp;желтоқсан айында Қазақстанда &laquo;ММА бойынша Қазақстанның біріккен федерацияларының қауымдастығы&raquo; ЗТБ құрылды.&nbsp;Оның құрамына Қазақстанның ММА аралас жекпе-жегі федерациясы,&nbsp;аралас жекпе-жек, панкратион және грэплинг ұлттық федерациясы мен NOMAD MMA федерациясы кірді. Ұйымға қазақстандық белгілі спорт насихаттаушы Ғалымжан Есенов жетекшілік етті.</p>

Аралас жекпе-жектен ел чемпионаты алғаш рет Алматыда өтеді

Ғ.Есенов – «Алматы марафонының» негізін қалаушы, көптеген жыл бойы Қазақстан шахмат федерациясын басқарып келеді, Қазақстантриатлон федерациясының вице-президенті және Алматы триатлон федерациясының жетекшісі.

– Жаңадан құрылған қауымдастықтың басты міндеті – қазақстандық барлық ММА жекпе-жек федерацияларын біріктіру және де бірлесе отырып біздің спортшыларды әлемдік спорт көшбасшыларының қатарына шығару, - деп атап өтті Ғ.Есенов.

Осы жылы Алматыда ақпан айының 13-мен 16-сы аралығында Қазақстанда жақында құрылған ММА біріккен қауымдастығының эгидасымен аралас жекпе-жектен ҚР Чемпионаты (ММА) өтеді.

Алдағы чемпионатқа өңірлік іріктеу турнирлерінің жеңіпаздары қатысады. Жарыс қорытындысы бойынша жаттықтырушылар Тайландта өтетін Азия чемпионатына, Қазақстан Республикасының ММА аралас жекпе-жектен құрамасын қалыптастырады.

ММА аралас жекпе-жегі 1995 жылы құрылған спорттың жаңа түрі. ММА – бұл жекпе-жектің кез келген қашықтығында және кез келген жағдайында қолданылатын күрес техникаларындағы түрлі тәсілдер мен соққылардың комбинациялары. Қазақстан Республикасында 6 жыл бұрын, 2013 жылдың маусым айында ММА спорттың ресми түрі ретінде танылды.

Бөлісу:
Аралас жекпе-жектен ел чемпионаты алғаш рет Алматыда өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар