Аймақтар
1 мин оқу 690

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы Достық үйінде &laquo;Отбасы орталығы&raquo; және &laquo;Татуластыру орталығы&raquo; деп аталатын арнайы орындар ашылды. Облыстық соттың бастамасымен жүзеге асқан бұл жобалар дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын қолдануға, неке бұзу процесінен туындайтын даулар санын азайтуға бағытталған.</p>

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

Орталықта этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіби медиаторлар, психологтар мен қорғаушылар, жұмыспен қамту және дағдарыс орта­лықтарының өкілдері жұмыс істейді. Татуластыру орта­лық­тарында тегін қызмет көр­сетіледі және жүгінген адамдардың өтініштері құ­пия сақталады.

Облыстық соттың азамат­тық істер жөніндегі сот алқа­сының төрағасы Манат Кө­мір­шинов отбасылық құн­ды­лықтарды сақтау және аза­маттар арасында берік қарым-қатынасты қалып­тастыру мақсатында атқа­рылып жатқан шараларды атап өтті. «Заңдар уақыт пен жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін болғанымен, отбасылық құндылықтар тұрақ­ты болуы тиіс. Барлық жақ­сылық атаулы отбасынан бастау алады. Осындай орталықтарды құра отырып, азаматтарға отбасын сақ­тау­лары үшін көмек көрсе­туіміз керек, – дейді М.Көміршинов.

Бір өкініштісі, Атырауда ажырасқан отбасылар саны артып отыр. Өткен жылы некеге тұрған бес мыңға жу­­ық жұптың 30 пайызы ажы­расқан. Отбасы және тату­лас­тыру орталықтары секілді жобалардың өзекті екенін осыдан да аңғаруға болады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

Атырау

Бөлісу:
Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар