Жаңалықтар
1 мин оқу 590

«Бастау» мыңдаған үміткердің шамын жақты

<p style="text-align:justify">Елбасы жастармен өткен кездесуде &laquo;Атамекен&raquo; кәсіпкерлік палатасының &laquo;Бастау&raquo; жобасының 43 мыңға жуық азаматты кәсіпкерлікке оқытқанын айтқан еді. Ал Қызылорда облысында 1600-ден астам адам осы мектептен өтті.&nbsp;</p>

«Бастау» мыңдаған үміткердің шамын жақты

Олардың 319-ы мемлекет та­рапынан жеңіл несие алса, 75-і инновациялық мақсат­қа берілетін гранттың иесі атан­ған. Шағын және орта кәсіпке негізделген бизнес мыңдаған жұ­мыссыздың қолына ба­лық емес, қармақ ұстатты.

– Бағдарламаның негізгі мақ­саты – ауылдағы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамты­ған азаматтарға осы «Бастау» жобасы аясындағы кәсіпкерлік негіздерін оқыту, әрі қарай сүйе­мелдеу жұмыстарын жүр­гізу. Кәсіп­кер­лік негіздерін оқытып бол­ғаннан кейін қажетті­лікте­ріне сай бір ай ішінде бизнес жоспар дайындау және банк­термен қалай жұмыс істеу керек, барлығын толық үйре­ніп шығатын болады, – дейді облыстық Кәсіпкерлер пала­тасының бөлім басшысы Фархат Әбжаппаров.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Бөлісу: