Жаңалықтар
1 мин оқу 1,912

Күшік асырап, ит етіп еді, ол балтырын қанатты...

<p style="text-align:justify">Жекеменшік үйлердің бірінде алабай тұқымдас итті жедел шақыртылған полицейлер бірнеше рет&nbsp; атса да, өлтіре алмаған.&nbsp;</p>

Күшік асырап, ит етіп еді, ол балтырын қанатты...

Әдетте иттің иелері түнде қау­мал­дан шығарып, аулаға босатып жі­беріп отырған. Оқыс оқиға болған күні 67 жастағы әйел арнайы орынға кіргізе алмай, әбден әуре-сарсаңға түседі. Жай­шылықта айтқанға тез көне қоя­тын төбеттің ызасына тиіп кет­се керек, қарсы шауып, тарпа бас салады. У-шуды естіп, кө­мек­ке келген отағасына да тұра ұм­тылып, талап тастайды. Әйтеуір әйелі көмек шақырып үлгереді. 

Шұғыл жеткен жол-патруль­дік полиция батальонының қыз­мет­керлері иесін тістелеп жатқан төрт аяқты тағыға табельдік қа­ру қолданғанмен, тайыншадай төбеттің қалың терісіне оқ да­рымаған. Одан сайын ызаланып, шабалана түскен. Ақыры ветеринарлық қызмет мамандары улы оқпен атып өлтірген. 

Ауыр дене жарақатын алған үй иесі жедел ауруханаға жеткі­зі­ліп, жан сақтау бөлімшесіне жат­қызылған. 

Күшік кезінен асыраған алабай тұқымдас иттің алабөтен мі­­нез көрсетіп, агрессиялық әре­кет­ке тү­суіне көршілері де аң-таң. «Кү­шік асырап ит еттім, ол бал­ты­рымды қанатты» деген осы бо­­лар, сірә! Ит иттігін істемей тұр­майтынын естен шығармаған жөн.
Былтыр өңірде иттен 181 адам, биыл 12 адам зардап шеккен.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

ПЕТРОПАВЛ

Бөлісу: