Жаңалықтар
1 мин оқу 962

Қыста велосипедпен Меккеге аттанды

<p style="text-align:justify">Қаңтар айынын басында велосипед мінген жігіт ағасы Алматы қала&shy;сы&shy;&shy;нан Меккеге қарай қа&shy;&shy;жылық сапарға ниет қылып жолға шықты. Алдымен мінәжат етіп, Түркістанға барып қайт&shy;қан болатын. Алма&shy;тылық Тал&shy;ғат Жұма&shy;беков бұл са&shy;па&shy;рын&shy;да Өзбекстан, Тү&shy;рік&shy;&shy;менстан, Иран, Біріккен Араб Әмір&shy;лік&shy;тері арқылы Мек&shy;кеге аттанған.&nbsp;</p>

Қыста велосипедпен Меккеге аттанды

Ол бұдан былай музы­калық продюсерлік жұмы­сын тоқтатып, алдағы уақыт­та кино түсірумен және саяхатпен айналыспақ.

– Қажылық сапар барысында көмек қолын созған адамдар көп, велосипедпен шығатын болғаннан кейін бе, естігендер ерекше қабыл­дады. Менің ұшақпен де баруға жағдайым бар, өзім жол қиындығын сезі­нейін деп түйдім. Жол бойы адам­дардың ықыласын сезініп, адамдардың бір-біріне деген имандылық ишараттарын білдіретін ғажайып сезімді бастан өткерудің жөні бөлек қой. Жолға Құран кітабын ал­дым, азығым да, серігім де сол болатын сияқты. Са­парға шығар алдында Түр­кістанға барып мінәжат ет­тім, Шымкентке соғып, вело­спорт белсенділерімен жүз­дес­тім, – дейді Талғат Жұмабеков.

Жиһанкез Құдай бұ­­­йыр­тып сапарынан сәтті орал­са, жолда көрген, түй­ген­­­дері туралы жақ­сылап та­ғы да бір әңгі­мелерміз. Ұзақ жол­дың сәт­тілігін бер­сін. Екі­­нің бірі тәуекел ете бер­мей­­тін мұн­­дай жолсапарды шын мә­­нінде сәулелі сапар деп атау­­ға әбден болатындай.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, 

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Бөлісу: