Қазақстан
1 мин оқу 460
Демалыс күндері Қазақстанда 38 градус аяз болады
<p style="text-align: justify;">26-28 қаңтар күндері Қазақстанда ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. </p>

Синоптиктердің айтуынша, 26 қаңтар Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Бұрқасын,әсіресе, Астана қаласында күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Қазақстанның өзге аймақтарында да ауа температурасы төмендейді. 27-28 қаңтар аралығында Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы 30-35, кей жерлерде 38 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Бөлісу: