Жаңалықтар
1 мин оқу 680

Биатлоншы Роман Еремин Әлем кубогінде үздік жиырмалыққа енді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Италияның Антхольц-Антерсельва аймағында өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Роман Еремин 18-ші орын иеленді. Ол спринтерлер жарысында алғашқы жиырмалыққа еніп отыр. Бұл Қазақстан құрамасының биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі саналады деп хабарлайды&nbsp;Olympic.kz.<strong style="box-sizing:border-box; margin:0px; padding:0px">&nbsp;</strong></p>

Биатлоншы Роман Еремин Әлем кубогінде үздік жиырмалыққа енді

10 шақырымға созылған сында Қазақстан намысын Роман Еремин,Тимур Куц және Петр Ермоленко қорғаған болатын. 

Роман Еремин өзінің ғана емес, Қазақстан құрамасының биылғы нәтижесін жақсартты. Ол 24 минут 57.6 секундта мәреге жетіп, 18-ші орынға тұрақтады. 

Осы көрсеткіші арқылы Еремин 23 ұпайға қол жеткізіп, жалпы есепте 43-ші орынға көтерілді. 

Тимур Куц нысана көздеде мүлт кетпей, 88-ші сатыдан көрінді. 

Спринтерлер бәсекесінде алтын жүлдені Йоханнес Бё иемденді. Екінші орында оның отандасы, тағы бір норвегиялық спортшы Эрленн Бьонтегор. Қола жүлдені франциялық Антонин Гигонн жеңіп алды.

Бөлісу:
Биатлоншы Роман Еремин Әлем кубогінде үздік жиырмалыққа енді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар