Президент
1 мин оқу 603

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айтты

<p style="text-align:justify">Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ, барша Бразилия халқына көңіл айтамын.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.

Бөлісу: