Қазақстан
1 мин оқу 1,710

Түркістанда жайылымдық жерлерді цифрландыруда тапсырма орындалмай отыр

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысындағы 707,2 мың гектар егістік жерлердің электрондық картасын цифрландыру жоспарланған болса, орындалғаны 687,8 мың гектар болып, 97,3%-ке жетіп отыр.</p>

Түркістанда жайылымдық жерлерді цифрландыруда тапсырма орындалмай отыр

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Бадырақовтың  есепті баяндамасындағы мәліметтерге қарағанда, Жетісай ауданы - 68,2%, Мақтарал ауданы - 68,3 %, Сарыағаш ауданы - 86,9%, Келес ауданы - 87%, Төлеби ауданы - 88,1% бойынша көрсеткіштер төмен. Ал облыстағы жайылымдық жерлерді цифрландыру 35,8%-ға орындалған. Жайылымдық жерлерді цифрландыру жұмыстарын Түркістан қаласы - 4,9%, Сайрам ауданы - 6,8%, Мақтарал ауданы - 6,7%, Кентау қаласы - 9,4% ғана орындапты. Қалған аудандарда бұл көрсеткіш 25,0%-дан 59,6%-ға ғана жетіп, тапсырма толық орындалмай отыр.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы

Бөлісу:
Түркістанда жайылымдық жерлерді цифрландыруда тапсырма орындалмай отыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар