Аймақтар
1 мин оқу 614

Өскеменде фронт-кеңсе ашылды

<p style="text-align: justify;">№2 Өскемен қалалық сотының ғимаратында &laquo;Үлгілі сот&raquo; жобасын жүзеге асыру аясында фронт-кеңсе ашылды.</p>

Өскеменде фронт-кеңсе ашылды

Бұл жерде медиаторлардың, адвокаттардың, прокурорлардың кабинеттерімен қатар барлық қажетті мәліметтерді ұсынатын ақпараттық орталық, құжаттарды тапсыру және қабылдауға арналған кеңсе, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы мен күту залы орналасқан.

Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбековтің айтуынша, бұл – өңір соттарында ашылып отырған 4 кеңсе. «Мұнда «Бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға сапалы қызмет көрсетіліп қана қоймай, тұрғындардың сотқа қолжетімділігін барынша жеңілдетеді. Фронт-кеңсенің жұмысы – сот төрелігіне қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам», – дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН

Бөлісу:
Өскеменде фронт-кеңсе ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар