Жаңалықтар
1 мин оқу 874

Көшпенділер жүрегі

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі бәдізші Санжар Жұбановтың &laquo;Көшпенділер жүрегі&raquo; атты тас көрмесі өтті.</p>

Көшпенділер жүрегі

Көрменің аты айтып тұр­ғандай, мұндағы экс­по­нат­тардың әрқайсысы көш­­пенділердің жүрегіндей жұ­мыр, ерекшелігі де сонда. Ең­бектеріне қарап суретшіні бәдізші деп атадық. Санжар Жұбановтың әңгімесіне құлақ түргенде оның бұл идея­сы бастапқыда тосын бол­ғанын өзі де жасырмайды. Ол бұл өнер үрім-бұ­тақтың таңбасын тасқа қашауды бастағанда ойға орал­ды  дейді. Ермек іс осы­­­­лай дүниеге келген. Ке­зін­де ұзақ жыл Алматы көр­кемсурет училищесін бас­қар­ған  әкесінің құрметіне осы көрмені  арнап еді. «Көш­пенділер жүрегі» көр­месіндегі 61 тас әспетті өрімдер өрне­гі де, суретші Жанель Жұба­нова да бұл топтаманы ұйым­дастыру барысында көп жайт­қа қанық еткенін жет­кізеді. Сырбаз суреттерден бөлек монументалист суретшінің  бұл көрмеге екі жарым жылы кеткенін, аға-әпкелерінің, ата-әжелерінің  алдында парыз санайтын ұлы міндет тұрғандай болғанын Жанел де жасыра алмайды.

«Бұл көрменің ерекше­лігі, бір­неше жанрды бірік­тіруі. Бұл ғажап нәрсе дер едім. Сурет­ші­лердің көш­пен­ділер әлемін танып, сезіне білуі қастерлі ұғым еке­нін ұққан­дай боласыз − дейді Ұлттық кітапхананың қызметкері Таңжарық Орманбеков. 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, 

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Көшпенділер жүрегі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар