Қазақстан
1 мин оқу 1,020

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз күтіледі

<p style="text-align:justify">1, 2 ақпан&nbsp;күндері Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз күтіледі. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Алдағы күндері Қазақстанның бірқатар облысында қатты аяз күтіледі

«1, 2 ақпанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде ауа температурасы минус 27-32, кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде ауа температурасы минус 28-33, кей жерлерде 37-42 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада. 

31 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан ескен желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

«1 қаңтарда Астана қаласында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90%», - деп ескертті синоптиктер.

Бөлісу: