Экономика
2 мин оқу 571

Алар асуларымыз биіктей береді

<p style="text-align:justify">Қазақстанның әлеуметтік-эко&shy;&shy;но&shy;микалық дамуын&shy;дағы бас&shy;ты басымдықтар &ndash; Қазақ&shy;стан&shy;&shy;ның әл-ауқатын жақсарту мәсе&shy;лелері. Бұл Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылы &laquo;Қазақ&shy;стандықтардың әл-ауқа&shy;тының өсуі: табыс пен тұр&shy;мыс сапасын арттыру&raquo;, сондай-ақ &laquo;Прези&shy;денттің бес әлеуметтік баста&shy;масы&raquo; атты халыққа Жол&shy;дау&shy;лары мен Қазақстанда Жас&shy;тар жылының басталуынан анық көрінеді.&nbsp;</p>

Әлеуметтік салада үлкен өзгерістер болды. Мемлекет басшысының тапсырма­сына сәйкес, 2019 жылғы 1 қаң­тар­дан бастап ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 500 теңгеге дейін өсті. Бірлескен зейнетақы­ны индексациялаудан кейін базалық зейнетақыны ескере отырып, ең жоғары зейнетақы мөлшері 116 811 теңгені құрады, ең төмені – 52145 теңге, ең төменгі күнкөріс дең­гейі – 29 698 теңге. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындар келесі бес жылда ІЖӨ-нің 10% -ына дейін артады деп күтілуде.

Бүгінгі басты және ең өзек­ті мәселелердің бірі – бас­па­на жайы. Былтырдан бас­тап «7-20-25» ипотекалық бағ­дар­ламасы қолға алынды. Өт­кен жылы серіктес банктер 44,2 млрд теңге сомасында ипо­текалық несие берді. Аймақ­тар­да қатысушылар саны бойын­ша көшбасшы – Астана қала­сы, одан кейінгі орында Алма­ты қа­ласы, Маңғыстау, Ақтө­бе, Шы­ғыс Қазақстан және Ақмо­л­а об­лыстары. Банктердің ішін­де тұр­ғын үй сатып алуға беріл­ген несиелердің басым бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен берілген. 2018 жылы банктің 37 мыңға жуық салымшы­лары өз шаршы метріне ие бол­ды. Ең көп несиелер Астана (7,7 мың несие), Алматы (5,8 мың несие) қала­лары және Ақ­тө­бе облысында (3,7 мың несие) берілді. Ондағы 37 мың несие­нің 42%-ы бастапқы нарық­та тұрғын үйді сатып алуға, ал екінші нарықта 52%-ды құрады.

Жаһандық экономика­лық ахуалдың турбуленттілігі жағ­дайында Қазақстан жаңа биіктерді одан әрі өрістететін зор әлеуетке ие.

Мәдина НҰРҒАЛИЕВА

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары

Бөлісу:
Алар асуларымыз биіктей береді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар