Аймақтар
1 мин оқу 900

Орташа өмір сүру жасы ұзарып келеді

<p style="text-align:justify">Қызылорда облысында жергілікті тұрғындардың орташа өмір сүру жасы ұзарды.</p>

Орташа өмір сүру жасы ұзарып келеді

Мәселен, 2013 жылы 70,6 жасты орталаған болса, бүгінде облыс халқының орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 72,6 жасқа жеткен екен.

- Аймақта адамдардың өлім-жітім деңгейі 1,8 пайызға төмендеген. Олардың арасында қан-айналым жүйесінен, жарақат пен улану, қатерлі ісік пен өкпенің құрт ауруы сынды сырқат салдарынан болатын өлім-жітім деңгейі азайған,-дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақмарал Әлназарова.

Облыс медицинасының материалдық-техникалық базасы жақсарады. Мамандар тапшылығы азайып келеді. Жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр. Осы игіліктердің нышаны жақсы жемісін беруде.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

 Қызылорда облысы

Бөлісу: