Бокс
1 мин оқу 670
Жәнібек Әлімханұлы америкалық Стивен Мартинесті жеңді
<p style="text-align:justify">АҚШ-тың Фриско қаласында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының бесінші жекпе-жегі жеңіспен аяқталды.</p>

25 жасар қазақстандықтың бүгінгі қарсыласы америкалық Стивен Мартинес – «The Hitman» болды. Кезекті кездесуде Жәнібек нағыз «қазақша» стильді көрсетіп кетті.
Жекпе-жек 8 раундқа есептелген еді, бірақ 5 раундты боксшымыз техникалық нокаутпен аяқтады.
Айта кетейік, бұл – Әлімханұлының АҚШ-тағы үшінші жекпе-жегі. Оның алғашқы кездесуі 28 қыркүйек күні өткен, онда бірауыздан төрешілердің шешімімен колумбиялық Карлос Галван жеңімпаз атанды. Кейін Жәнібек профи-рингтегі төртінші айқасын қарашада америкалық Александр Вонмен өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бөлісу: