Қазақстан
1 мин оқу 640

Шекарашылар 2 центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек тауып алды

<p style="text-align:justify">&laquo;Қорғас&raquo; шекаралық бақылау отрядының аумағындағы халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында&nbsp;2 центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек табылды. Бұл туралы&nbsp;ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Шекарашылар 2 центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек тауып алды

«Шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды. Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен. Тауар иесі, жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып, тайып отырса керек. Табылған дәрі-дәрмек актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Шекарашылар 2 центнерден астам иесіз дәрі-дәрмек тауып алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар