Әлем
1 мин оқу 830

Египетте 50 мумия табылды

<p style="text-align:justify">Бұл туралы BBC News ақпараттық қызметі хабарлады.</p>

Египетте 50 мумия табылды

9 метр тереңдіктен қазып алынған мәйіттер елдің орталық бөлігіндегі Миния провинциясы маңындағы Туна әл-Габал ауданынан табылған.

Бірқатар мумиялар матаға оралса, енді бірі саркофагтарға жатқызылған. Сондай-ақ қазба барысында керамикадан жасалған ежелгі әшекейлер табылған.

Археологтар мәйіттердің Египет тарихындағы грек-рим дәуіріне (б.д.д. 305-330) сәйкес келетіндігін айтады. Олардың пікірінше, табылған әшекей бұйымдар жоғары лауазымды адамдарға және олардың отбасына тиесілі болуы мүмкін. Бұл – египеттік археологтардың 2019 жылы тапқан алғашқы қазбасы.

Салтанат ШЫНӘДІЛ

Бөлісу:
Египетте 50 мумия табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар