Дүйсенбіде елордаға 400 тоннадан астам көмір жеткізілді
<p style="text-align: justify;">4 ақпандағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 922,38 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>
Дүйсенбіде елордаға «Шұбаркөл» маркалы көмірдің 414 тоннасы жеткізілді. Ал көмір бағасы төмендегідей:
«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,
«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,
«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,
«Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,
«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге.
Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін 339,5 мың тонна сатылды. Бүгінгі күні, көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.
Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өз бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.